Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал қаласында имам ауысты

Нұрлан Саматұлы 05.05.2018 4674 0 пікір
Орал қаласында имам ауысты

Қасиетті жұмада Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешітіне жаңа имам болып Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы тағайындалды. Аталмыш мешітке арнайы барып, жұма намазына қатысып, «Мешіт әдептері» жайында  уағыз айтқан ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов мешіт жамағатын  жаңа имаммен таныстырды. Мейрамбек Ақылбекұлы жұма намазын жүргізіп, арнайы келген Бөрлі аудандық мешітінің ақсақалы, жамағаты Рақымжан ата жаңа имамды қызметімен құттықтап, істеген қызметін айтып, ақбатасын берді.

Мешіттің бұрынғы имамы Әлімхан Тұрлыбеков «Орал» орталық мешітіне наиб болып тағайындалды. Әлімхан Нұрмаханұлына қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, еңбегіне табыс тіледі. Шара соңында Орал орталық мешітінің Бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы  «Тәжиден Батырұлы»   мешітінің  ұжымымен жүздесті.

Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы 

1990 жылы  Бөкей-Орада  ауданында туылған.  Астана медресесінің 2011 жылғы түлегі,  2014 жылдың Алматы қаласындағы Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің түлегі.

2011-2012 ж.ж. аралығында БҚО, Зеленов ауданы, Дариян ауылдық мешітінің наиб имамдық қызметті атқарды.  

2012-2013 ж.ж. аралығында Орал орталық мешітінің азаншысы қызметін атқарды.

2013-2014 ж.ж. аралығында  Орал қаласындағы Мұхаммед-Ғариф Түлбаев  мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.

2014-2018 ж.ж. аралығында  Бөрлі аудандық бас имамы  қызметін атқарды.

2018 жылдың маусым айынан бастап ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Орал қаласы, «Тәжиден Батырұлы» мешітіне бас имамы қызметіне тағайындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру