ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Абуов Болатбектің тапсырмасымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қайырымдылық акциясы болып өтті.
«Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Ораздың бастамасымен биылғы жыл - «Ислам және отбасы жылы» болып бекітіліп, республика көлемінде түрлі шаралар өткізу тапсырылған еді. Аталмыш жыл аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы бұнымен тоқтамақ емес. Алла Тағала баршаңыздың жанұяңызға береке-бірлік берсін! Келе жатқан Рамазан айы мүбәрак болсын!,- деді Бас имам Болатбек Ұласқанұлы.
Қасиетті жұма күні өткізілген қайырымдылық шарасында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, көмек алған мұқтаж жандар өкіл имамға алғыстарын білдірді.







Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру