ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен ШҚО «Көкпекті аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен Көкпекті ауданы орталығында «Рухани жаңғыру: деструктивті ағымдарға қарсы күресте имамдардың рөлі» тақырыбында семинар болып өтті.
Шараға қала, аудан, ауыл имам-молдалары жиналды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқарамасының басшысы Бейбіт Әшімов, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Ернат Қыдырмоллаев, Көкпекті ауданы әкімінің орынбасарлары және дін тану пәнінің мұғалімдерімен әкімдік қызметкерлері қатысты.
Жиналыста ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы деструктивті ағымдарға қарсы күреске арналған осынау алқалы басқосудың маңыздылығын саралай келе, «Жат ағымдармен күресте біз барлығымыз тізе қоса отырып, белгіленген мақсаттарды нақты жүзеге асыруымыз керек. Жасалып жатқан шараларымыз мемлекет тарыпынан қолдау тауып отыр. ҚМДБ жат ағымдармен күресте имамдарымыздың алдына зор міндет жүктеп отыр» деп ерекше атап өтті. Өкіл имам өз сөзінде әрбір имам өзіне жүктелген міндетті шынайы сезініп, құлшыныспен қызмет ету қажеттігін ескертіп, халықтың көңілінен шығу басты мақсат екендігін жеткізді.
Жиынға қатысқан басқарма, орталық басшылары сөз алып, облыстағы діни ахуалды жан-жақты саралап, өкілдіктің жасап отырған істеріне жоғары баға берді.
Сонымен қатар семинарда өңір имамдары сындарлы баяндамалар жасап, ойларын ортаға салды. Семинарға қатысқан мұғалімдер атынан сөз алған Көкпектілік ұстаз осы шараның аса тағылымды болғандығын жеткізді.
Жиынның соңынан өңір имамдары арнайы жиналыс өткізіліп, өкіл имам I жарты жылдықта атқарған шараларды саралап, қасиетті Рамазан айына дайындық барысын талқылап, имамдарға нақты тапсырмалар берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
04.05.2018
3520
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру