Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шаттықты шаңырағым-Қазақстан» атты шара өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 04.05.2018 3426 0 пікір
«Шаттықты шаңырағым-Қазақстан» атты шара өтті (ФОТО)

2018-«Ислам және отбасы» жылының аясында Өскемен аймағы өкілдігінің «әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде осындай атпен шара өтті. Жиынға аналар мен әжелер, келіндер қатысты.

Басқосудың ашылуында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин:

«2018-«Ислам және отбасы жылының аясында  ұлтымыздың дәстүрлі отбасылық құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіру аса маңызға ие болып отыр. Дінді дәстүрден бөле қарауға келмейді. Исламдағы барлық құндылықтар дәстүрімізбен үндесіп жатыр» деп, шараның мақсатына айырықша тоқталды.

Алқалы жиында сектор жетекшісі Талшын Қожахметова сындарлы баяндама жасап, сектордан ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі тәрбие мектептерінің ұлттық құндылықтарды ұлықтауға қосар үлесі жайлы тарқатып айтып берді. Ол сонымен қатар ол осы бастаманың жемісін беріп, басқалар да қызығушылық танытып отырғандығын айтып өтті.

Басқосуда «әжелер мектебінен», «келіндер мектебінен» және енелерден дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға байланысты ұсыныстар айтылды. Шара тағылымға толы болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру