Кеше Орал қаласындағы "Нұр Отан" ғимаратында ҚМДБ-ның бастамасымен "Өнер қырандары" театры "Берекелі мереке" атты рухани-патриоттық кеші өтті.
Осы жоба арқылы театр қасиетті Рамазан айы қарсаңында асыл дініміз исламның рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.
Рухани шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов жиналған қауымды келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, "Өнер қырандары" ұжымына сәттілік тілеп, дана халқымыз айтқандай «шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десеңші», Алланың берген таланттарымен өнердің шыңынан көріңіздер,-деп ақ тілегімен басталды.
Залға көрермен лық толып, ғибратты сахналық көріністер мен иләһи әндері жамағат көңілінен шығып, көздерге қуаныш сезімі ұялады.
Кеш соңында аталар мен ақ жаулықты әжелер баталарын берсе, ал жастар жағы мағыналы көріністеріне шексіз ришалықтарын білдірді. Әртістермен бірге естелік суретке түсті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
04.05.2018
3751
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру