Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың бастамасымен үстіміздегі жыл «Ислам және отбасы жылы» болып белгіленді. Соған орай, Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты «Райымбек батыр» мешітінде әйелдер-қыздар жамағатына «Ислам және отбасы» тақырыбында арнайы уағыз өтті.
Аталмыш шараға Нұр-Мүбарак университетінің ғалым ұстазы PhD докторы, Исламтанушы, жазушы, «Исламдағы жанұя», «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз», «Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы», «Шапағат шамшырағы Әз Мұхаммед» кітаптарының авторы Шәмшат Әділбаева арнайы шақырылды.
Шәмшат Әділбаева әйел адамның отбасындағы маңызды рөлін баса айта отырып, өз шаңырағын «мұсылман үйіне» айналдырудың жолдарын атап көрсетті. Үй ішінде Ислам дінін төрге шығаруда әйел адамның атқарар қызметі баяндалды. Құрандағы «Үйлеріңді құбылаға айналдырыңдар» мағынасында келген Юнус сүресінің 87-аятын назарға алып, мұсылман ғұламаларының осыған байланысты түсіндірмелері мен өз шаңырағын мұсылман үйіне айналдырудың жолдарын баяндап берді.
Уағыздан соң мешіт жамағатының ай сайынғы оқитын Құран хатымының дұғасы жасалып, ұстаз ел үшін, жер үшін, әрбір шаңырақ үшін, Ислам дінінің өркендеуі үшін дұға жасады.
Сөз соңында мешіт жамағаты отбасында және жалпы қоғамдағы өмірде мұсылмандықтың дұрыс сақталуы үшін әйел адамдардың орнының маңыздылығын қабылдай отырып, сол себепті осындай білім шыңдайтын шаралардың жиі өтіп тұруы қажеттілік екенін айта келе, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұстазға естелік сыйлық табыстады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Әділова Шынар, «Райымбек батыр» мешітінің ұстазы
04.05.2018
3860
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру