Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастармен өткен маңызды кездесу

Қостанай өкілдігінің баспасөз қызметі  04.05.2018 3271 0 пікір
Жастармен өткен маңызды кездесу

Елбасы республикамыздағы жастардың еліміздің жарқын болашағы екендігіне нық сенеді. Себебі, қазіргі таңда Қазақстандағы түрлі салаларда жігіттер мен қыздар уақытпен санаспай еңбек етіп, мемлекетіміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосуда.

Алайда, қазіргі таңда жастардың жат ағымдардың жетегінде кетпеу мәселесі аса маңызды. Сондықтан да болар «Нұр Отан» партиясының Таран аудандық филиалындағы жастармен өткен кездесуде осы өзекті жайға айырықша көңіл бөлінді.

Онда Рудный қаласындағы «Нұр» және Таран ауданының «Әйет» мешіттерінің бас имамдары Азамат Мұрзаханов пен Ислам Хамзин Отбасы және терроризм, жат ағымдары жайлы келелі әңгіме қозғады.

Бұл күндері дүниежүзінде терроризм және экстремизм хақында аз айтылып жатқан жоқ. Бұл орайда діни сауаттылықтың алар орны ерекше. Сондықтан қос имамның айтқан сөздерін жиналған жастар барынша ұйып тыңдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру