Осыдан 10 жыл бұрын Нұр-Мүбарак университетін аяқтап, еңбек майданына аттанған түлектер қара шаңырақ білім ордасына келіп алғыстарын жаудырды. Яғни 2008 жылы университеттің 5-ші түлектер тобында 52 маман өмірге қанаттанса, оның 31-і исламтану саласы бойынша. Олардың 17-і имамдық қызметте: 2 облыстық өкіл имам, 5 аудан, 10 жалпы имамдық қызметтегі мамандар. Сондай-ақ 5 түлек Нұр-Мүбарак университетінде, тағы біршамасы медресе-лицейлер мен мешіттерде ұстаздық етсе, дін істері жөніндегі мемлекеттік мекемелер мен елшіліктерде қызмет жасауда. Олардың барлығы қандай да бір жетістікке жеткен болса, ұстаздарының берген білімі мен тәлімдерінің нәтижесі екендігіне тоқталды.
Ректор, профессор Жуда Басюни:
Ал проректор, профессор Шамшәдин Керім:
Түлектер 10 жыл ішінде қол жеткізген өзгерістер мен жетістіктерімен бөлісіп, өздеріне білім берген ұстаздарына алғыс айтып, естелік сыйкәделерін табыс етті. Еліміздегі ислами білім шаңырағына орасан алғыстарын жаудырып, шәкірттерге өз ақыл-кеңестерін, білім алудағы маңызды жағдайлар жайлы ойларымен бөлісті. Шәкірттер үшін де аға буынның білім ордасына келіп, құрмет көрсетіп, жақсы жетістіктерімен бөлісуі ерекше өнеге болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
04.05.2018
5284
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру