Білім алу – әрбір мұсылман үшін міндет. Бүгінде, әсіресе діни сауат ашуға ынталы жастың да, жасамыстың да қатары күн санап артып келетіндігі қуантады.
Жуырда Ақтөбе мешіттеріндегі діни басқарма бекіткен әйелдерге арналған тоғыз айлық діни сауат ашу курсының жұмысы қорытындыланды. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен қалалық орталық мешітте шәкірттерден емтихан алынды. Мешіт ұстазы Диляром Бектаева «Иман негіздері», «Ислам шарттары» және Құран-тәжуидтен, ал ұстаз Кенжегүл Қошқарова «Пайғамбардың өмірі» пәнінен сынақ алды. Ұстаздар арнайы тест сұрақтары мен тапсырмаларды әзірлеп, шәкірттердің жыл бойына алған білімдерін таразылады.
Нәтижесінде курстың белгілі бір пәндеріне ғана қатысып, сауат ашқан шәкірттерге өкіл имамның атынан алғыс хаттар табысталды. Ал тоғыз айлық курсты толық меңгергендер мадақтамалармен марапатталды. Сонымен қатар, Құранның 30-парасын толық жаттап, қазақша мағынасымен қатар үйренгендерге «Қасиетті Құранның қазақша түсіндірмесі» сыйға тарту етілсе, Құранға жаңадан түскен шәкірттерге Бахрайн Құрандары үлестірілді. Осылайша мешіттен сауат ашқан жалпы саны 50 шәкіртке марапат ұсынылып, ұстаздары оларға ыстық лебіздерін арнады. Білім атты бітпес қазынаның кілті бұйырып, ілімдерің артсын деген ізті тілектерін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
03.05.2018
3271
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру