Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дінді біліммен таны» танымдық шарасы өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі  03.05.2018 3148 0 пікір
«Дінді біліммен таны» танымдық шарасы өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Жалпы және Жастар бөлімі» мен  «Әйел-қыздар секторы» бірлесіп мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының қыз-келіншектері арасында «Дінді біліммен таны» тақырыбында сайыс ұйымдастырды. Шәкірттер арасында өткізілген шараға қала мешіттері де қатыстырылды. 

Бұл сайыста шәкірттер Ислам дінінің бес діңгегінің негізі болатын «Фиқһ» саласынан бақ сынасты. Наиб имам Сандыбаев Олжастың жетекшілігімен өткен білім сайысында ұстаздар Бақыткүл Жикенова, Арай Бакирова төрелік етті. Ауқымды өткен шара барысында ойы ұшқыр, зейіні зерек шәкірттер бес топқа бөлініп біліктіліктерін көрсетті. Нәтижесінде басымдық танытқан топтар марапаттау қағаздарын иеленді. Өзіндік мәнімен өткізілген шарадан соң шәкірттер мен жалпы қатысқан қонақтарға дастархан жайылып дәм берілді. Бүгінгі таңда дінді біліммен танудың маңыздылығы артып келе жатқан уақытта осындай сауаттандыруға қатысты шаралардың көптеп өтуі уақыт талабы.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру