Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордалық имамдар Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтады (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 02.05.2018 3092 0 пікір
Қызылордалық имамдар Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтады (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала және аудан мешіттері имамдарының кезекті алқалы жиыны өтті.

Жиында өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы Алматы қаласында Бас мүфти мен облыстық өкіл имамдардың қатысуымен өткен төралқада талқыланған өзекті мәселелерге тоқталып, ҚМДБ төрағасының тапсырмаларымен, сондай-ақ, келе жатқан мүбарак Ораза айындағы аймақ бойынша бекітілген пітір-садақа мөлшерімен және күнтізбемен таныстырды.

Күн тәртібі бойынша мешіттер мен қызметкерлердің Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтап, жоспарға сәйкес, мешіттердің қарилармен қамтылып, хатым Құран жасалуын, тарауық намазының үзбей оқылуын, 30 күнде 30 ауызашар тұрақты берілуін, ерекше жобалар мен іс-шаралардың ұйымдастырылуын, халық арасында дұрыс насихатталып, ақпараттандырылуын, сауаптар еселенетін шарапаты мол қасиетті айдың жоғары деңгейде өткізілуін, сонымен қатар, бухгалтерия ашықтығын ұстануды, мешіт құжаттарының заңдастырылуын тездетуді, ішкі құжаттамалардың тіркелуін, садақа салуға арналған терминалдардың қойылуын, өрт қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру