Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінде «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Қасиетті Құранда бейбітшілік деген мағынаны білдіретін «сәлам» сөзі бірнешере рет қайталанып келеді. Өйткені, Құран ең алдымен ынтымақ пен бейбітшілікті насихаттайды.
Іс-шараға ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы, Семей аймағы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Тұрлықожанова Динара, орталық мешіт ұстазы Ахметжанова Жұмагүл ұстаз бастады. Мешіт жанындағы сауат ашу курсының 45-50 жылдық еңбек ардагері болған Елюбаева Фариза және Әбілқасова Нұршан шәкірт әжелері мен жастары қатысты. Сабақ барысында шәкірттер еліміздегі әр түрлі ұлттардың бір шаңырақ астында бейбіт өмірлері туралы баяндама оқып өз ойларымен бөлісті.
Сабақ соңы шәкірт бүлдіршіндер мен жастардың қатысуымен өткен мереккелік бағдарламамен жалғасты. Әжелер ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, ынтымақ тіледі. Әжелеріміз елімізге және болашақ ұрпақтар үшін дұға тілек жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.05.2018
4022
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру