23-27 сәуір күндері аралығында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Ақтөбе облысында болды. Топ құрамына енген білікті теологтар, дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес органдардың өкілдері жергілікті тұрғындармен жат ағымның алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Соның ішінде, «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Беркімбаева, ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Ақбөпе Тілегенова және сектордың БҚО-дағы өкілі Гүлжамила Ахметова, дінтанушы Толғанай Мұстафина Ақтөбе, Хромтау қалаларында әйел жамағаттарымен бірқатар кездесулер өткізді.
Ақпараттық топ Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында 4 рет кездесу өткізді. Кездесулерде теолог Ақбөпе Қанатқызы ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында әйел кісінің отбасында, бала тәрбиесінде алатын рөлі туралы айтты.
Апта ортасында облыстық «Руханият» мұражайында арнайы семинар өткізілді. Бұдан бөлек топ деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева республикалық топ мүшелерін әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Ақтөбе қаласындағы түсіндіру жұмыстары барысында 200-ге жуық жамағат қамтылды.
Республикалық топ мүшелері «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ директоры Мұстафина Толғанай, ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Ахметова Гүлжамила Ермахамбетқызы және «Досжан Хазірет» мешітінің ұстазы Жилисбаева Ақжарқын Хромтау ауданындағы жалпы және жеке кездесулер өткізді.
Аудандық «Нұр» мешітінде «Әйелдің исламдағы орны» тақырыбында семинар өткізілді. Сондай-ақ, республикалық топ әйел жамағаттардың «Хром Тэйлор» тігін цехының жұмысымен танысып, екі жақты мағыналы пікір алмасу болды.
Шара соңында топ мүшелері аудандағы дін саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, аудандағы тың тәжірибелер мен осы бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға сәттіліктерін тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
02.05.2018
3440
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру