Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда «Ислам-ынтымақ діні» тақырыбында  облыстық семинар ұйымдастырылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 02.05.2018 3680 0 пікір
Павлодарда «Ислам-ынтымақ діні» тақырыбында   облыстық семинар ұйымдастырылды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құрметіне арнап ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігінің «Әйелдер-қыздар секторының» ұйымдастыруымен «Ислам-ынтымақ діні» тақырыбында облыстық семинар жүргізілді. Шараға Павлодар қалалық мешіттері және Екібастұз, Ақсу қаласы мешіттерінің әйел шәкірттері, ұстаздары, мешіт жамағаты қатысты.

«Шараның мақсаты жастарға Ислам дініндегі ұлтаралық татулық пен берекнің маңызын танытып, ел тыныштығының негізі ұлтаралық келісім мен бірлік екенін дәріптеу»,- дейді ұйымдастырушылар.

Шара басында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы:

«Еліміздің іргесі берік мәңгілік ел болу мақсатымыз орындалуы үшін, бірлігі бекем ұлттар ынтымағы керек екені сөзсіз. Бұл жайында Алла Тағала Құранда :«Ей, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірлеріңді танысын деп түрлі ұлт пен ұлыстарға бөлдік. Алла Тағала алдындағы ең абыройлылырың тақуа болғандарың. Шын мәнінде Алла барлық нәрсені толық білуші, барлығынан толық хабардар», – деп бұйырса, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Иман етпейінше жұмаққа кіре алмайсыңдар, бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше, иман еткен болмайсыңдар», – деген. Абай Құнанбайұлының өсиет өлеңі де осыған саяды: «Адам­заттың бәрін сүй бауырым деп...»,-деп шараның нәтижелі өтуіне тілек білдірді.

Шара барысында күллі адамзат бір адамның ғана баласы екендігі, олардың басты мақсат жер бетінде тату-тәтті өмір сүру, Алла Тағаланың берген нығметіне шүкірлік айту, қанағат ету туралы тағылымды әңгімелер айтылып жатты.

 Шара қызықты да тартымды өтіп, бұл шараның нәтижелі өтуіне атсалысқан белсенді шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.

Мешіт ұстазы  Қ.Қажымәлікқызы:

«Ислам діні- күллі адамзат баласын бірлікке шақыру үшін түскен дін. Қасиетті Құранда: «Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» , – деп бұйырған. Дана халқымыз қай кезде де «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Бірлік түбі - береке» деп бірлікке шақырып отырған. Біздің ұйымдастырған бұл шара Павлодар, Ақсу, Екібастұз қаласындағы әртүрлі ұлт өкілдерінің қыз-келіншектері бір-бірімен танысу, достасу, береке-бірлікте, тату-тәтті жүруіне, түсінісуіне ұйытқы болады деп сенемін»,- деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру