Таран ауданыңдағы «Әйет» мешітінде «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты конференцияның жалғасы ретінде аудандық семинар ұйымдастырылды. Оған аудандағы ардагерлер кеңесі мен мешіт ұжымы мұрындық болды.
Басқосуға аудан тұрғындары қатысып, белсенділік көрсетті. Өйткені, әңгімеге арқау болған тақырып, өте өзекті әрі әрбір мұсылман білуге тиісті еді.
Бұл халықтың назарын аударған конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет пен Рудный қаласының бас имамы Азамат Мурзакановтар арнайы қатысты.
Жергілікті ақсақалдармен кездескен облыстық бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың мұсылмандар үшін аса маңызды екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ, белгілі дін қайраткері ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап беріп, жиналған қауымның шынайы алғысына бөленді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.04.2018
3090
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру