Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Шыңғырлау ауданында болды

Нұрлан САМАТҰЛЫ 28.04.2018 3468 0 пікір
Өкіл имам Шыңғырлау ауданында болды

Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов өзінің кезекті сапарымен Шыңғырлау ауданына келді.

Аудан әкімі Альберт Есалиев Еркебұлан Ыбырайымұлын арнайы қабылдап, бас имамның жаңа қызметімен құттықтап, имандылық жолына сәттілік тілеп, жаңадан ашылған аудандық тарихи-өлкетану музейін таныстырды.

Кездесуден кейін Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы Ерденбек Ихсанов қадірлі қонақты күтіп алып, ауданымыздың діни ахуалы, халықтың тыныс тіршілігі, жалпы ауданда жағдай жақсы екенін жеткізді.

Қасиетті жұмада жиналған қауым алдында Ерденбек Исханов  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлын  көпшілікке таныстырды.  Бас имам «Мұсылманның әһли кітап иелерімен қарым-қатынасы» жайында уағыз айтып, жамағатпен бірге намазды бірге оқыды.

Жұма намазынан соң Еркебұлан қажы аудандық мешітінің намазхан әжелерімен жүздесіп, толғандырған сауалдарына жауап берді.

Риза болған жамағат пен ақжаулықты әжелер бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлына батасын беріп, көңілдері серпіліп қалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру