«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторы «Ислам және отбасы жылы» аясында жуырда аталмыш мешітте некесін қидырған және алда неке қидыруға өтініш берген 15 жас отбасы мүшелерін шақырып дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелде сектор меңгерушісі, мешіт ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы жастарға Исламдағы отбасы, ер мен әйелдің сыйластығы, бала тәрбиесі, өзара сенім, ортақ сыр сақтау, бір-біріне рухани көмек беру, ата-ана, туған-туыстар алдындағы борышы, әдепті келін болу секілді жан-жақты ақыл-кеңестер мен уағыздар айтты.
Жас отбасы мүшелері де ұстазға сұрақтар қойып, өзара әртүрлі пікірлер алмасты.
Соңында дөңгелек үстелге қатысушыларға дастархан жайылып, әрқайсысына «Отбасылық құндылықтар» туралы жазылған бейнетаспа, «Бақытты отбасы» кітабы сыйға тартылып, арнайы ұйымдастырылған осы семинар-дөңгелек үстелге қатысқаны үшін сертификат берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
27.04.2018
4208
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру