Дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз ет және шұжық өнімдері қатарында тұрған шұжықтарға көзіңіз түспеуі мүмкін емес. Түрлі түсті атаулармен қатар, Халал таңбасы басылған шұжықтар самсап тұр. Ал енді сапасы халал талаптарына жауап бере ала ма, жоқ па- ол жағы тұтынушыға беймәлім. Осы орайда Алматы облысында орналасқан «ҚАРАСАЙ-ЕТ» және «БН-ОРДА» ЖШС біріге отырып шұжық және ет өнімдерін өндіруді жолға қойған. Қос мекеме тарапынан түскен өтінішке орай, екі ай бойы мұқият тексерістен өткізіп, зертхана қорытындысы оң бағасын бергеннен соң Халал сертификаты тапсырылды. Аталмыш қос мекеме шұжық өнімдерінің көптеген түрлерін өндірумен қатар ет өнімдерін нарыққа шығаруда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Халал стандарттау бөлімі
27.04.2018
3674
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру