Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін және дәстүр» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 27.04.2018 3949 0 пікір
«Дін және дәстүр» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел

 «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханасында дін жанашыры, ұлағатты ұстаз Ульян Мақұлының  бастамасымен Павлодар қалалық Қажылар Қауымдастығы өкілдері бірлесіп «Дін және дәстүр-2» кітабы бойынша «дөңгелек үстел»  ұйымдастырды.

Аталмыш шара «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханасындап болды. Шараға Павлодар қаласында тұратын қажы ата-апалар, мешіт имамдары, мешіттегі діни сауат ашу курсының ұстаздары мен шәкірттері, студент жастар өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде жазушы, аудармашы, дін мен тіл жанашыры  Серік Сатыбалдин ағамыз аталмыш кітап негізінде «Қазақ халқының имани дәстүрлері» тақырыбында кең көлемде әңгіме өрбітті. Рымтай Сапарқызы бастаған қажы ата-апалар  дін және дәстүрге, оның өзара үйлесіміне  қатысты өздерінің келелі ойларын ортаға салып, дөңгелек үстелге қатысқан жастарға ұлағатты кеңестерін берді.

Соңында жастардың әртүрлі сұрақтарына жауап беріліп, осындай шараны үнемі ұйымдастырып отыру, шараға жастарды көбірек қамту қатарлы пікірлер айтылып, белсенді ағаларға міндеттер жүктелді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру