Сахабалардың өнегелі өмірі уақыт өткен сайын шамшырақтай биіктеп, жарқырай беретініне тағы куә болдық. Нұр-Мүбарак университетінің «Араб тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сахабалар өміріне серуен» атты шығармашылық кеш өтті.
Аға оқытушы Қуаныш Қасымбаевтың жетекшілігімен 3-курс «Дәл» тобының студенттері жазушы Рафатул Бәшаның «Сахабалар өмірінен үзінділер» атты кітабын таңдаған. Оның ішінде сахаба Абдулла ибн Хузафа әс-Саһмидің Византия императорымен кездесуін, сахаба Туфайл ибн Амр Әд-Даусидің ислам қабылдау оқиғасы, сахаба Біләл ибн Раббахтың басынан өткен қиындықтарын араб тілінде шебер сомдады. Еңбек зая кетпеді, араб тілінде орындалған қойылымды тамашалауға студенттермен қатар, тілден бейхабар университеттің қызметкерлері де айқын түсініп, көз жастарына ерік берді.
Ұйымдастырушы ұстаз қуаныш Қасымбаев:
- Сахабалар өмірінен үзінділерді таза араб тілінде студенттер бір ай көлемінде әзірледі. Шын ықыласпен дайындалғаны анық көрініп тұр, көрермендердің барлығының көңілдері босап, көздеріне жас алып отырғаны бізге де ерекше әсер етті. Өйткені біздің негізгі мақсат студенттердің араб тілі деңгейін дамыту әрі адами құндылықтарды насихаттау еді, – деп өз ойымен бөлісті.
Қойылымнан кейін көрермендер тікесінен тік тұрып қошемет көрсетті. Шәкірттердің ынта-ықыласына, өнеріне риза болған ректор, профессор Жуда Басюнидің өзі әрбір кейіпкердің қолын алып, арғыс білдірді. Университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Әли Әлмұхаметов те рухани мереке сыйлаған студенттердің әрқайсысына алғысын жаудырып, араб тілінде осыншалықты жүрек тебірентіп, жоғары деңгейде орындап шыққан шеберліктеріне тәнті болғанын айтты.
Осылайша дүйім жұртқа рухани мереке сыйлаған сахабалар әлемі Нұр-Мүбарак университетіне ислам дінінің сонау алғашқы алтын дәуірінің рухын әкелгендей ерекше әсер қалдырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
26.04.2018
3978
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру