Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан имамдарының кезекті жиналысын өтті.
Өкіл имам Данияр қажы Жұмабаевтың басшылығымен өткен жиналыста жаназа рәсімдерін бірізділікке келтіру мақсатында имамдарға берілген тапсырмаларға сай тапсырманың орындалу барысы пысықталып, есебі тыңдалды. Оразаға дайындық жұмыстары, ораза айында Хатым түсіретін қариларды қазірден бастап дайындау және қажет еткен қала, аудандарға бөлу, ауызашар, Қадір түнін өткізу және Ораза айт намазын жүргізу мәселелері талқыланды.
Облыстық мешіт тарапынан өңірдегі барлық қала және аудан мешіттерінің атқарып жатқан жұмыстарын және мешіттің хал-жағдайын білу мақсатында арнайы тексеру комиссиясы құрылған болатын. Аталмыш тексеру комиссиясы барлық қала мен аудан мешіттерін аралап, жағдайымен танысты. Сол тексеріс барысында кездескен олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін арнайы тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, Ислам дінінің өркен жаюына ықпалы зор «Иман» журналы мен «Ислам және өркениет» газетіне жазылу барысы да сөз болды.
Өкіл имам ҚМДБ тарапынан келген тапсырмалармен таныстырып, қайырымдылық, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру, облыстық мешіт жанынан құрылған жергілікті ақпараттық насихат тобының жат ағым жетегінде кеткен азаматтармен тығыз байланыста болып, төл мәзһабымызға қайтару жұмыстарын жүргізуді және уағыз-насихат жұмыстарының жүйелі жүргізілуін тапсырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
25.04.2018
3274
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру