Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жасалды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 24.04.2018 3619 0 пікір
Қайырымдылық жасалды

Ай сайын  қайырымдылық  шараларын  ұйымдастыру «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметінің бұлжымас қағидасына айналған.  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті осы аптада мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қоса мұқтаж болған 10 отбасына  ұн,  макарон,  өсімдік майы,  қант, күріш, қарақұмық, халва, шай, ет және   басқа да азық – түліктер салынған қомақты пакеттер ұсынды. Сонымен қатар ҚХР-нан осындағы жоғары оқу орындарының бірінде дайындық курсын оқып жатқан студенттің құжаттарын жөндеуіне көмек ретінде 20 мың теңге ұсынды.

Өз кезегінде көмек алған азаматтар да мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы:  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі облыс бойынша әр түрлі бағытта қайырымдылық шараларын өткізіп көпшіліктің алғыс-батасына бөленіп келеді. Алда бұл қызметті арықарай да қолдап отыратын боламыз»,-дейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру