Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкіртіміз олимпиада жеңімпазы атанды

М.К.Исаева «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжі 24.04.2018 4775 0 пікір
Шәкіртіміз олимпиада жеңімпазы атанды

Алматы қазақ - түрік гуманитарлық - технологиялық колледжі, Алматы қаласы білім басқармасы, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы колледждер қауымдастығы бірігіп 2018 жылдың 20-шы сәуірінде ұйымдастырған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы  негізінде «IХ – Қазақстан - Түркия достық және бауырластық нышаны» атты колледж аралық олимпиадада Павлодар қаласында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжі» І орынға ие болды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл олимпиадада 17 коледжден  жиналған білім алушылар бақ сынасты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан дарындар қатысып, өздерінің біліктіліктерін көрсетті.

Аталмыш сайыста:

«Біріншіде, қатысушылар әр ұлттың мәдениетін, салт дәстүрін, әдет ғұрыпын таныстыру;екіншіде, «Қазақстан – Түркия достық және бауырластық нышаны» атты тақырыпта жобалар сайысы; үшіншіде, «Білімді мыңды жығар» атты мәдени тақырыптпа сұрақ – жауап болды», - дейді  «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің директоры Аршабаев Серікбол.

Олимпиаданың жеңімпазы біздің медресе шәкірті Ышық Мухаметжұма Абдоллаұлы. Бүгінде, Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжі» II курста исламтану мамандығы бойынша білімін жалғастыруда. Сайыс жеңімпаздары, колледж басшылары мен жетекшілері  мақтау қағаздары, құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру