Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алға ауданы: 4000-ға жуық тұрғын ақпарат алды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 24.04.2018 3229 0 пікір
Алға ауданы: 4000-ға жуық тұрғын ақпарат алды

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық топ Алға ауданындағы түсіндіру жұмыстарын аяқтады. 5 күннің ішінде 4000-ға жуық тұрғындардың қамтылуымен 81 іс-шара өткізіліп, бүгін жоба жұмысы Байғанин ауданында жалғасты.

Алға ауданындағы түсіндіру жұмыстарына жергілікті мамандардан бөлек РАНТ мүшесі, «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің докторанты Серік Тәжібай жұмылдырылған болатын.

Теолог апта ортасында аудан әкімшілігінде өткен кездесуге қатысты. Онда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, соның ішінде діни сауаттылықты арттыру қажеттілігіне айрықша тоқталды. Кездесуде 80-ге жуық адам қамтылды.

Қала, ауылдық округ тұрғындарымен, жат ағым өкілдеріне жеке кездесулер өткізумен қатар Алға аудандық мешіті, Бесқоспа мешіттерінің жамағаттарымен жүздесті. Жамағатқа Матуриди ақидасы, сенім мәселесінің маңыздылығы турасында дәріс жүргізді. Теологтың мешітте жүргізген сұхбаттарына шамамен 180-ге жуық жамағат қатысты.

Жұма күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов Алға аудандық мешітінде тақырыпқа сай жұма уағызын жүргізді. Жұма уағызын 320-ға жуық жамағат тыңдап, тағылым алды.

Түсіндіру жұмыстары мектептер мен мекемелерде де жүзеге асты. Соның ішінде, қалалық №3 орта мектебі мен Алға аудандық индустриалды техникалық колледжінде кездесулер өтті. Оған облыстық ішкі істер департаментінің экстремизм және терроризмге қарсы бөлімінен Ахмеов Дархан, «Ақтөбе медресесі» колледжінің ұстазы Торбаев Жексенбай, басқа да мамандар қатысты.

Тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеу мақсатында футболдан, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жүлдегер командалар мен жарысқа қатысқан жамағат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру