Бүгін маңғыстаулық қала, аудан, ауыл имамдары облыстық орталық мешітте бас қосты. Қасиетті айға қатысты біршама маңызды мәселелер пысықталып, имамдарға өкілдік тарапынан тапсырмалар берілді.
Өкіл имам күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге тоқталып, мешіттің ішкі тәртібі мен тазалығына баса назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, мешіт жанындағы сауат ашу курстарын жандандырып, Бесін мен Құптан намаздарында айтылатын уағыздарға қатысты да тоқталды. Қасиетті айды жоғары деңгейде өткізу мақсатында имамдар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Бас имам Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдаған жас мамандардың 20-ға жуығы облысымызға келетін атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
24.04.2018
2837
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру