Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арқалықта жасөспірімдер арасында Құран жарысы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 23.04.2018 3124 0 пікір
Арқалықта жасөспірімдер арасында Құран жарысы

Аталған шаһардағы Құран жарысына 7-13 жас аралығындағы 22 жеткіншек қатысты. Жарыс барысында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев сайыстың мақсаты мен мәнін түсіндірді.

Құран жарысының шарты бойынша «Шәмс» пен «Нас» сүрелері аралығында 10 сүрені жатқа білуі және Құранды жүргізіп оқу номинациялары бойынша да сыналды.

Жандарбек Әмірхамзин және Фурманов ауылының имамы Нұрхан Бақтыбай әділқазылық етіп, Құран оқудың тағылымдық жағы мен артықшылықтары жайында тартымды насихат айтты.

Жүлде алғандарға демеушілердің көмегімен марапаттау хаты мен тұрмыстық техникалар және қаржылай сый-сияпат жасалды.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Жарысқа қатысушы жас жеткіншектердің ата-аналары мешіт имамы мен ұстазы Арлан Бауыржанұлына бала тәрбиесіне зор ықпал ететін осындай жарыстарды ұйымдастырғандары үшін шынайы  алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру