Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде Құран жарысына іріктеу өтті (ФОТО)

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 23.04.2018 3257 0 пікір
Өскеменде Құран жарысына іріктеу өтті (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «VII Республикалық Құран жарысына» өңір бойынша іріктеу сайысы болып өтті.

Сайысқа облыстық мешітте дәріс беріп жатқан мысырлық және түркияық ұстаздармен қоса облыстық мешіттің білікті ұстаздары қазылық жасады.

Сайысқа Алланың асыл сөзі, Құран Кәрімді жаттаған 20-дан астам талапкерлер қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Қанат Әли бастаған жүлдегерлер 25-26-шы сәуір күндері Алматы қаласында өтетін «VII Республикалық Құран жарысына» қатысуға жолдама алды.

Шара соңында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Даулет Қабидолдин бүгінгі жарыстың аса тағылымды шара болғандығын жеткізіп, Құран жаттаудың сауабы туралы айтып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру