Орал қаласындағы «Достық» үйінде Батыс Қазақстан облысы Қайырымдылық бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, РФ, Шешенстан Республикасы «Рахьма» және «Даймохк» қайырымдылық қорларының жетекшілері Баснукаев Магамед-Эмин Умарович пен Закриев Хамзат Хажиевич, үйлестіру кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен Ғайса Қапақов сөз алып, арнайы келген қонақтарды таныстырып, кеңес отырысына сәттілік тіледі. «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Р.Хайрушева мен «Патриот» қоғамдық бірлестігінің өкілі Т.Чудобаев атқарған қарайымдылық шараларын баяндап, бейнебаян арқылы көпшілікке жеткізді.
Шара соңында БАҚ өкілдері сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алынды.
Ғайса Қапақов Магомед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриевке Ақжайық жұртының атынан шапан кигізді.
Отырыстан соң Ақжайық төріндегі Орал орталық мешітіне Магомед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриевке арнайы келді. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов жылы шыраймен қарсы алып, мешіттің ішін аралады.
Мешіт жамағатына арнайы келген қонақтарды таныстырды. «Рахьма» қайырымдылық қорының жетекшісі, әрі имамы Магомед-Эмин Баснукаев: «XX ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Бізге дана да, пана да болған қазақ елі болатын. Жомарт пейіліне, дархан көңіліне, қонақжай төріне ризамыз. Ансарлардың ізін жалғап, ата-бабаларымыздың келе жатқан бауырмалдық қасиет дарыған дана халыққа шексіз разымыз»,- деген ақтілегін жеткізді.
Бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы Магомед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриевке «Алғыс» хатты табыстады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
23.04.2018
3505
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру