ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлының Арал ауданындағы іс-сапарында биылғы негізгі үш бастама қолдау тауып, аудан көлемінде кеңінен насихатталды.
Өкіл имам мешіттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында жамағатпен жүздесіп, сұхбат жүргізді. Ауданға қарасты кент, ауылдық округ және елді мекен имамдарының қатысуымен өткен алқалы жиында дін қызметкерлерінің жұмыс жоспарларын пысықтады.
Жиын барысында, ҚМДБ төрағасының «Өзгеруді өзіңнен баста» бастамасы кеңінен түсіндіріліп, «Жаназа және жерлеу рәсімдеріне» қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жергілікті халыққа насихатталуы тапсырылды. Бекітілген «Ислам және отбасы жылында» атқарылуы керек жүйелі шаралардың жоспарлы жүзеге асырылуын назарға алып, аудандық мешітте ашылған «Кеңес беру орталығына» келген отбасының арасында сыр сақтауды қатаң ескертті.
«Отбасы – ұлт болашағы» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық семинарға қатысып, аудандағы мұғалімдер мен ардагерлер алқасы, мектеп оқушалырына оқыған баяндамасында отбасы қалыптасуындағы ислам дінінің алар орнына, асыл құндылықтарына тоқталды.
Сапар соңында, өкіл имам аудан әкімі М.Ә.Оразбаевпен кездесіп, аймақтағы діни ахуал, мешіттердің кадрлармен қамтамасыз етілуі жайлы сөз қозғап, ойға алған жоспарларымен бөлісті, ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі өкіл имамға алғысын білдіріп, бастамаларына сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
23.04.2018
3405
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру