ҚМДБ-ның тапсырмасымен Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры жылдағы үрдіс бойынша қасиетті Рамазан айының құрметіне «Берекелі мереке 4» атты рухани кешін өткізді.
Күнделікті күйбеңнің арасында көзге түсе бермейтін қарапайым бірақ өте маңызды адами құндылықтарды сарказммен, кекесінмен жеткізе білетін театр ұжымының өнерін тамашалуға келген халық «Астана» концерт залын лықа толтырды. Концерттің ашылуында сөз сөйлеген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жиналған қауымды алда келе жатқан Рамазан айымен құттықтады.
Сонымен қоса Бас мүфти алдымен Астанада басталған бұл іс-шараның сериялы түрде өтетінін яғни рухани кешті алдағы уақытта еліміздің басқа да облыс орталықтарының тұрғындары тамашалай алатынын атап өтті.
Әдеттегідей халықты күлдіре отырып жылата білетін театр ұжымы бұл жолы да өз көрерменін шынайы өмірден алынған көріністермен, биік деңгейдегі ойындарымен баурай білді. Өнерсүйер қауым концерт залынан дән риза болған кейіпте шығып жатты.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ummet.kz
21.04.2018
4401
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру