Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 07:58:27

06 Қазан 2026

24 Рабиғул ахир 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі» тақырыбында іс-шара өтті

«Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі» тақырыбында іс-шара өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі 21.04.2018 4516 0 пікір
– | A | +
«Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі» тақырыбында іс-шара өтті

«Әрбiр тәрбиешінің қолданатын жолы –ұлт тәрбиесі, әрбiр ұлттың бала тәрбиесі туралы ескiден келе жатқан жеке-жеке жолы бар....», - деген екен Мағжан Жұмабаев.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің, яғни халықтың сан ғасырлық тәлімінің ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Ұлы ойшыл ғалым, ұстаз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білімнен бұрын  тәрбие беру керек, тәрбиесіз берген білім адамзаттың жауы» деген екен. Сондықтан,  ұлттық тәлім-тәрбие, халықтың сан ғасырлық тәлімі, тағлымы, ұрпақ  тәрбиелеуде маңызы зор. Ендеше, ұлттық тәлім-тәрбие деген ұғымға нені сыйдыруға болады?

Бүгін осы тақырыпта орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыстық «Әйелдер-қыздар секторының» ұйымдастыруымен, мешіттің әйел жамағаты және шәкірттерінің қатысуымен «Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі» тақырыбында іс-шара өтті.  

Кездесуде мешіт ұстазы Үсенова Зейнеп: «Ұлттық тәлім-тәрбие  дегеніміз - ұлттар  мен  ұлыстардың   әлденеше  ғасырға  созылған   ұрпақ тәрбиесіндегі  ұлттық салт-дәстүрлері  мен   мәдени  ойлау  үрдісінің  озық  үлгілерінің  жиынтығы», - деп сөз бастаса, Алдасаева Гүлжан ұстаз жалпы тәрбие сөзінің мағынасына, тәрбиенің нені қамтитындығына, тәрбиенің түрлеріне, ақыл-ой тәрбиесі, эстетика  тәрбиесі, экология  тәрбиесі, адамгершілік  тәрбиесі, еңбек  тәрбиесі, дене тәрбиесі, қонақ күту тәрбиесі, отбасы тәрбиесіне қатысты түсінік беріп,  әрқайсысына кеңінен тоқталып өтті.

Іс-шараға мешіттің бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы арнайы қатысып, Бас мүфтидің «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген бастамасына қатысты: «Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Ибраһим (а.с.) пайғамбар Алладан өзінің мұрасын жалғастыратын ұл сұрайды. Олардың иманды, тақуа болуын сұрайды және «“Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”, - (деді)».Бұл аяттан ұғатынымыз әр адам қандай істі жасаса да бірінші өзінен бастау керек. Өзгеруді де. Бұл тәрбиеге де қатысты», - дейді бас имам.

Тақырыпқа арқау болған ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетімізден де көрініс табатыны анық. Осыған байланысты, облыстық ұлттық мұражайдың қызметкерін мешітке арнайы шақырып, мұражайда сақталған ХХ ғасырға тән қазақ қыз-келіншектерінің көне ұлттық әшекейлері, жүзіктер, алқалар, шашбау, белбеу, көйлектер мен қамзолдар, етік, дулыға, торсық, қоржындар және ең құнды жәдігерлер сол ғасырға тән кішкентай Құран Кәрім көрсетілді.

Іс-шараға қатысқан жамағат осындай рухани уағыздан сусындап, ұлттық жәдігерлерді тамашалап көңілді тарқасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Алматы: Әйел-қыздар арасында сирадан сайыс өтті

05.10.2026 157
Алматы: Әйел-қыздар арасында сирадан сайыс өтті

Абай облысы: Дін қызметкерлерінің кезекті республикалық аттестаттаудан өтуде

05.10.2026 1263
Абай облысы: Дін қызметкерлерінің кезекті республикалық аттестаттаудан өтуде

Шымкентте қарт дін қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

02.10.2026 1096
Шымкентте қарт дін қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

«Зекет және қайырымдылық қоры»: Қарттар күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

02.10.2026 337
«Зекет және қайырымдылық қоры»: Қарттар күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда қарттар күніне орай кездесу өтті

01.10.2026 781
Атырауда қарттар күніне орай кездесу өтті

Алматы облысында «Аталар мектебі» кездесуі өтті

01.10.2026 370
Алматы облысында «Аталар мектебі» кездесуі өтті


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3