Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бүгінгі арулар-ертеңгі аналар» атты кездесу өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.04.2018 3144 0 пікір
«Бүгінгі арулар-ертеңгі аналар» атты кездесу өтті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өңірдің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студент жастарымен кездесті.

Ол жастарға ұлттық тәрбиенің маңыздылығы және қыз баланың тәрбиесіне қатысты ұлтымыздың ұстанымдарымен тиымдары туралы салиқалы сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, кездесу барысында қазақтың әйгілі аналарымен батыр қыздарының өмір тарихынан қызықты мысалдар келтірді

«Біз қыздарға кері ағымдардан сақтандыру мақсатында ұлттық салт-дәстүрден кеңес беруге келіп отырмыз. Адамгершілік тәрбиенің асыл құндылықтары – біздің ата-бабаларымыздың өмірінде, ұлттық салт-дәстүрімізде толық көрініс тапқан»,-деді Талшын Қожахметова.

Кездесуде өкілдіктің ұстазымен бірге Өскемен қалалық Ішкі саясат бөлімінің мамандары да болды.

Оқу орны басшылығы тұщымды әңгімесі үшін өкілдіктің «Әйел-қыздар секторы» жетекшісіне алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру