«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіндегі әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының тағы бір топ шәкірті араб әліппесін аяқтап, Құранға түсті. 24 шәкіртке мешіт ұстазы Диляром Бектаева тәж кигізіп, келешекте Құранды түгел жаттаған қари-хафиздар болсын деген тілектестіктерін жеткізді.
Салтанатты шара барысында Құран оқып үйренудің артықшылығы, сансыз сауабы айтылып, осы мазмұнда бейнероликтер көрсетілді. Шәкірттер Алланың 99 көркем есімін ұлықтап айтып, пайғамбарымызға көптеген салауаттар жолдады.
Шара соңында мешіт асханасының ұжымы сүннетке сай ораза тұтқан әйел жамағатына ауызашар дастарханын жайып, қонақ етті. Барша жамағат асхана ұжымына алғыстарын айтып, мешіт ұстаздары оларға қазақы жаулық - ақ кимешектерді сыйға тарту етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
19.04.2018
3359
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру