ҚМДБ ОҚО облыстық мешітінің жанында екі апталық имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру семинар сабақтары жүргізілуде.
ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев біліктілігін арттырған бітіруші имамдарға сертификат табыс етті. Өкіл имам имамдық қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі жайында сөз етіп:
Өкіл имам имамдарға сертификатты табыстап, сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, ОҚО бойынша имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру семинар курстары осыдан екі апта бұрын басталған болатын. Алғашқы дәрісті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жүргізген болатын. Жалпы курс әр екі аптада 30 имамнан оқытуды жоспарлап отыр. Семинар сабақтары қазіргі таңда өзекті болған мәселелердің оңтайлы шешімін тауып, имамдардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған. Имамдарға діни сабақтармен қоса, шешендік өнері мен зайырлылық пәндері берілуі жоспарланған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі
19.04.2018
3135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру