Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығайық білім шыңына

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 18.04.2018 3837 0 пікір
Шығайық білім шыңына

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының басшысы Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйымдастыруымен "Шығайық білім шыңына» тақырыбында шәкірттер арасына сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа діни сауат ашу курсының барлық әйел шәкірттері топтарға бөлініп, белсене қатысты.  Қазылар алқасының шешімімен «Мейірім» тобы бірінші орын жеңіп алып, арнайы сыйлықпен марапатталса, келесі орындарды «Фирдаус» және «Талиб» топтары иеленді. Сайысқа қатысқан жалпы 5 топ түгелдей алғыс хат, діни кітаптар сыйлыққа алып, соңында «Аллаға мадақ» хоры және арнайы дайындалған көріністерімен көрермендерін қуантты.

Ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы сайысты тамашалауға жиналғандарға арнап Жаратушы иеміздің есімдері мен сипаттарын біліп жүрудің пайдасы мен сауабы туралы уағыз айтып, сайысты қорытындылады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру