Жуырда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде семинар өтті.
Аталмыш іс-шараға өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы «Исламдағы жанұя үкімдері» тақырыбында келелі әңгіме қозғады. Сондай-ақ, есімі елімізге белгілі ғалым, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, мешіттің алқа мүшесі Жақып Қалқаман семинарға қатысушыларға «Балаға жақсы ат қою» мәселесі бойынша танымдық жағы мол лекция оқыды.
Сонымен қатар, облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Сапар Әбдиев жастарға «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген тақырыпта жан-жақты әңгімеледі. Семинар соңында семинарға қатысушы жастар баяндама жасаған белгілі азаматтарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
Осы арада тоқтала кетер жайт, «Ислам және отбасы жылы» аясында ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің жанынан отбасы мәселелеріне байланысты «Кеңес беру орталығы» ашылып, оған наиб имам Сыздыков Дархан Манарбекұлы тағайындалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
18.04.2018
3477
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру