Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан Маңғыстау облысының шәкірттеріне өкілдік тарапынан көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда университет қабырғасында маңғыстаулық 70-ке жуық шәкірт білім алуда. Жылдағы үрдіске сай жергілікті мешіт жамағаттары арнайы қаражат жинап шәкірттерге қолдау білдіріп, көмектерін көрсетті.
Облыс өкіл имамы Смайыл қажы Сейтбеков шәкірттермен кездесіп, жамағаттың ыстық сәлемін жеткізе отырып, оқу ақысы төленбеген студеттердің ақшаларын төледі. Осы жылы шәкірттедің 14-і қолдарына дипломдарын алып, облысымызға келіп қызметке кіріседі.
Ақ дастархан басында бас қосқан білім жолында жүрген ұлдар мен қыздар өкіл имамның салихалы сұхбатына тәнті болып, алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
18.04.2018
3182
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру