Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зайсанда 10 күндік семинар өтіп жатыр (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 17.04.2018 2919 0 пікір
Зайсанда 10 күндік семинар өтіп жатыр (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің арнаулы тапсырмасымен имамдардың білімін жетілдіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешіті» ауданға қарасты мешіттердің имамдарына 10 күндік семинар ұйымдастырды.

 Оқыту семинарға аудан және ауыл имамдары мен молдалары қамтылып, оларға осы мешіттің жоғарғы білімді ұстаздары мен наиб имамдары дәріс беруде.

«Біз діни сауаттылықты арттыру, ҚМДБ «Ғұламалар кеңесі» шығарған пәтуаларды және діни басқарманың басты құжаттарын ел арасында насихаттау, таныстыру, имамдардың білімін жетілдіру мақсатында осы семинарды ұйымдастырып отырмыз,- деді «Зайсан аудандық мешітінің» бас имамы Тимур Елеуов.

Барлық ауыл имамдарына ҚМДБ-дан басылып шыққан «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын насихаттау міндеті де жүкеліп отыр.

Сонымен қатар 10 күндік семинар осы ауданның барлық әйел ұстаздарына да өтіп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру