Ақтөбеде ҚМДБ ұйымдастырып жатқан VII Республикалық Құран жарысына іріктеу байқауы өтті. Онда 20-ға жуық Құран жаттаған азаматтар бақ сынады. Соның ішінде, Астана, Шымкент, Түркістан қалаларынан скайп желісі арқылы қосылғандар да болды.
Қатысушылар 4 номинация бойынша топтастырылды: 10 пара, 20 пара, 30 пара Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу машықтығы. Сайысқа өкіл имам Төлеби Оспан, «Ақтөбе медресесі» колледжінің ұстазы Мұхаммед Махмуд Усман және қари Оразмұхаммед Әбдимауланов төрелік етті. Үміткерлерге діни басқарма бекіткен жарыстың шарттары бойынша сұрақтар қойылып, тәжуид ережелерін сақтауы мен Құран оқу қырағатына, жаттау қабілеті мен дауыстың мәнеріне баса мән берілді.
Бірнеше сағатқа созылған жарыстың нәтижесінде 10 параны жатқа оқу бойынша ақтөбелік Сапарбек Қайназар жеңіске жетті. Ал 20 параны жатқа оқудан Саламат Қартабаев болса, 30 параны жатқа оқитын қари Құрбаналиев Дәулет республикалық додада Ақтөбенің намысын қорғайтын болады. Құранды мәнерлеп оқу бойынша Жалғасбай Жұбатқановтың оқу ырғағы он үміткердің ішінен үздік деп танылды. Сайыстың жүлделі орындарын иемденген барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан үздіктерді марапаттап, іріктелген төрт үміткерге Алматыда өтетін ақтық сайыста топ жарып, биіктен көруіне тілектестігін жеткізді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
17.04.2018
3462
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру