Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орыс жігіті Ислам дінін қабылдады

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 17.04.2018 3491 0 пікір
Орыс жігіті Ислам дінін қабылдады

Семей өңірінде қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінде бұрын христиан дінінде болған, ұлты орыс Александр Александрұлы деген азамат Ислам дінінің құдіретіне бас иіп, дінге үлкен қызығушылықпен қарап, нәтижесінде Ислам дінін қабылдады. Жамағаттың, әсіресе түрлі ұлт өкілдерінің дінімізді құрметтеп, мұсылмандыққа бет бұрып, дінді қабылдауы – осы жолда қызмет етуші, Ислам дінін насихаттаушы имамдардың да еңбегі деуге болады.

Шәкәрім қажы мешітінің наиб мамы Тасболатов Жарқынбек азан шақырып жаңадан Ескендір деген ат қойды. Артынан Ескендір Александрұлы мен Гүлназ Шалқарбекқызының шариғи жолмен некелері қиылды. Шәкәрім қажы мешітінің бас имамы Серікқали Бейсенұлы неке құтпасын оқып берді. Арнұр бауырымыз жас отбасыға баспана сылйап, қуанышқа бөледі. 

Ислам дінін үлкен ықыласпен, зор қуанышпен қабылдаушы азаматымыз да өз ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру