Қасиетті Құран – Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша жетінші республикалық Құран байқауының Атырау облысы өкілдігінде іріктеу туры өтті.
Орталық «Иманғали» мешітінде өткен Құран жарыс екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Яғни, қатысушылар Құранды жатқа айту және Құранды мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. Сайысқа белгілі ұстаздар – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров, Хусейн Кая, Батырәлі Бердіқұлов, Еламан Бегалиев, Мұрат Мұстафаев және Ержан Қағазғалиев төрелік етті.
Ал, сайыстың екінші кезеңі, яғни, мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынды Мақсот Құсанұлы иеленді. Балтабай Ұлан мен Саламат Иманғалиев екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаздардың барлығына жүлде ретіне қарай, 100 000, 75 000 және 50 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық тапсырылды.
Айта кетелік, сайыста бірінші орынға қол жеткізген жеңімпаздар енді Алматы қаласында өтетін жетінші республикалық Құран байқауында Атырау облысының намысын қорғайтын болады.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
17.04.2018
3066
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру