Рудный қаласының «Нұр» мешітінде қала тұрғындары мен ақсақалдарының бас қосуында «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты жиын өткізілді. Бас қосудың басты мақсаты – дәстүріміз бен дінімізді ұштастыра отырып, қазіргі таңдағы жаназа және жерлеу рәсімдері жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған ортақ тәртіп пен пәтуаларды халыққа жеткізу еді.
Осындай аса маңызды шараға Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Дархан Манарбекұлы мен Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Сұлтанғазыұлы арнайы келді.
Мешітке жиылған жамағатқа қаланың зиялы ақсақалдары мен мешіт имамдарының жаназа рәсімдеріндегі болып жатқан орынсыз ысырапшылдықты кеңінен түсіндіріп, халықты бір тәртіпке бейімдеуге Діни басқарма тарапынан шешілген ұстанымды біріңғай қабылдап, марқұм болған адамның алдындағы міндеттерімізді дұрыс орындауымыз керектігін көпшілікке жеткізді.
Жиын соңында Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы Қостанай облысы бойынша нда қабылданған шешімді халыққа жан-жақты түсіндірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілгінің баспасөз қызметі
17.04.2018
3450
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру