Кеше ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторының облыстағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде Исра мен Миғраж оқиғаларына арналған арнайы ашық сабақ өтті.
Мешіт ұстазы Кенжегүл Қошқарова ислам тарихындағы Исра мен Миғраж оқиғаларының барысын қысқаша баяндап, көптеген мәліметтер айтылды. Осылайша тыңдаушыларға Миғраж бен Сира сапарының сыры, мән-мағынасы, барысы тәптіштеп түсіндірілді. Ал әйел-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева аталмыш оқиғаларға сенім тұрғысынан түсінік беріп кетті. Оның ақиқаттығына шек келтірмеу керектігіне «Сыддық» атанған сахаба Әбу Бәкірдің айқын мысалын үлгі етіп, мұның Алланың қалауы мен құдіреті арқылы жүзеге асқандығын жеткізді. Оқиғадан түйетін маңызды ғибрат – сынақтарға сабыр еткен пайғамбарды осынау зор сыймен сүйіншілеп, перде арқылы Өзімен тілдесуді нәсіп еткеніндей, Алланың иман келтірген өзге құлдарына да мейірімді, шүкір еткен пендесінің нығметін арттырып, сабыр еткендерге сансыз сауап жазады деп түсіндірді. Сонымен қатар, Миғраж түні атқарылатын арнайы құлшылықтың жоқ екендігі ескертіліп, десе де сауабын Алладан үміт етіп жасаған әр ізгі амалдың жауапсыз қалмайтындығы айтылды.
Сондай-ақ, «Әжелер», «Аналар» және «Арулар мектебінің» мүшелері әртістік шеберліктерімен тәнті етіп, тақырыпқа сай шағын қойылым ұсынды.
Шара соңында мешіт ұстазы Кенжегүл Қайырғалиқызы сабақ тақырыбын пысықтау мақсатында тест сұрақтарын әзірлеп, тоғыз айлық сауат ашу курсы бағдарламасындағы «Пайғамбар өмірбаяны» пәнін қорытындылады. Белсенділік танытқан шәкірттерге өкіл имамның атынан құнды сыйлық – кітаптар үлестірілді.
Шарадан кейін жуырда Құранға түскен шәкірттер тобы ауызашар дастарханын жайып, жамағаттың алғысын алды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітің баспасөз қызметі
13.04.2018
3412
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру