Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен "Құран оқу жарысының" бірінші кезеңі өткізілді. Бірінші кезеңдегі жарыста елуге жуық Құран жаттаушы шәкірттер Құранның отызыншы парасындағы сүрелерді жатқа және мәнерлеп оқудан сынақтан өтті. Соңғы кезеңге сүрінбей жеткен 6 шәкірт арасында жарыс қыза түсті.
Қазылар алкасының сұрақтарына сүрінбей жауап беріп, нәтижесінде 1-орынды Талдықорған қаласының тұрғыны, "Нұр" мешітінің 9 жасар шәкірті Сантаев Мұхаммед иеленді. 2- орын Панфилов ауданы Көктал ауылының тұрғыны Саидов Русланға бұйырды. Ал, 3- орынды Текелі қаласын келген Ғафуролла ұлы Шалқар атты азамат алды.
Жүлделі орын иеленгендерге сыйақы берілді. Кұран жарысының келесі деңгейі, яғни 29 және 30 пара бойынша жарыс 9 маусымда өткізілетін болады. Жыл аяғына дейін жамағат арасынан болған шәкірттеріміз Құранның бес парасына дейін жаттап шығатын болады деп үміттенеміз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
13.04.2018
3453
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру