Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосып «Үш күндік» семинар өткізді. Алғашқы күндері дініміздің өзекті мәселелері «Фиқһ» және «Ақида» бойынша басымдылықпен дәрістер өтті. Оны бас имам Б.Тәжімбет және наиб имамдар А.Ерматов пен Д.Сыздықов жүргізді.
Сондай-ақ, санаулы күндер қалған қасиетті Рамазан айына дайындық барысы және пысықтау керек болған жұмыстар бойынша тапсырмалар берілді.
Өз кезегінде ҚМДБ-ның бөлімдері бойынша тапсырмалардың орындалуы бойынша жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды.
Семинардың соңғы күні облыстағы ЖАНТ (жергілікті ақпараттық насихаттау тобы) жиналысы өткізілді. Оған Қостанай облысы дін істері басқармасының басшысы Ж.Үмбетов қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
13.04.2018
2959
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру