Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КӨКШЕТАУДА ЖЕРГІЛІКТІ НАСИХАТ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

www.nasihat.kz 13.04.2018 3937 0 пікір
КӨКШЕТАУДА ЖЕРГІЛІКТІ НАСИХАТ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Жат ағым жарға жығып, жетегіне алып, қаншама жастарымызды адасудың жолына түсіріп жатқаны еш жасырын емес. Бұл кеселмен бүкіл қоғам болып күресіп жатырмыз. Мешіттер де бұл істен сырт қалмақ емес.
ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханның қатысуымен Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында жат ағымдармен күресу жөніндегі жергілікті ақпараттық-насихат тобы құрылды.

Бұл шараға облыстың барлық аудан-қала имамдары, дін істері жөніндегі басқармасы, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері қатысып, өзара пікір алмасты. Кіріспе сөз сөйлеген ҚМДБ-ы Ақмола облысы бойынша өкілі Қуаныш Сәбит қоғамды толғандырған бұл мәселемен имамдардың барынша айналысуы аса қажет екенін атап көрсетті.

Ал, Мүфтият өкілі Алтынбек Ұтысхан ақпараттық-насихат тобының қандай шаралармен айналысатынын жан-жақты баяндады. Әсіресе, шалғай елді мекендерде үгіт-насихат жұмыстары көбірек қолға алынса деген тілегін де жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру