Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен биылғы жыл «Ислам және отбасы жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай жер-жерде отбасы құндылықтарын насихаттайтын іс-шаралар көбейді.
Көкшетау қаласындағы Жақия қажы мешітінде ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханның қатысуымен «Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы» салтанатты жағдайда ашылды.

Алқызыл лентаны қию құрметіне Мүфтияттың бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Ақмола облыстық дін істері басқармасының басшысы Болат Қасенов және облыс имамы Қуаныш Сәбит ие болды.




Орталық іші қазақы киіз үйді түрінде көмкеріліп, ұлттық салтқа қатысты жәдігерлер қойылған. Мұнда киіз үй шаңырағының астында ұлттық салт-дәстүрге негізделген жоралғылар да өтеді. Сәбиге азан шақырып ат қою, тұсау кесу және жас жұбайлардың некесін қию рәсімдері өтетін болады.



Осы орталықтың ішінде «Жанұя жарасымы» бөлмесі ашылып, онда білікті психолог және діни мамандар халыққа ақыл-кеңес береді.
Алтынбек Ұтысхан бұл орталықтың жұмысына жоғары баға берді. Бүгінгідей жастардың үйлене салып, ажырасып жататын көріністері көбейген тұста имани тәлім-тәрбие берудің маңызы зор екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар, ол Науан хазірет мешітінің наиб имамы Мейіржан Рахматуллаұлының кішкентай сәбиінің тұсауын кесіп, бүлдіршінге Алланың сүйікті құлы болсын деп тілек тіледі.
Жаңадан ашылған орталықта алғашқы жастардың некелері де қиылды. Енді бұл жер дін мен дәстүр астасқан киелі орынға айналмақ.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.nasihat.kz
13.04.2018
4760
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру