Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласында орналасқан ғимаратында Халал стандарты бойынша бір күндік семинар өтті. Күн санап елімізде Халал кәсіп ашуға ниет білдірушілердің саны артуда. Тұтынушылардың да Халал өнімге деген сұранысының артуы қуантарлық жағдай. Сан емес, сапаға жұмыс істеп отырған ҚМДБ-ның Халал сертификатын бүгінгі таңда 160-тан астам кәсіпкерлер иеленіп отыр. Халық сенім артып отырған сертификатқа селкеу түсірмеу мақсатында Алматы облысының 8 ауданымен қоса, Қапшағай қаласына бақылаушы бекіту әуелден ойластырылған болатын. Облыс иамымы Наржанов Қуаныш қажының ұсынысмен аталмыш қала мен аудан орталықтарына бақылаушы тұлғалар бекітілді. Сонымен қатар, аталмыш семинарға Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы бойынша тағайындалған жаңа өкілдер қатысып, білімдерін шыңдады. Бір күнге жоспарланған семинарда “Халал Даму” ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы мен Бас сарапшы Алмагүл Қуанышқызы дәріс оқыды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімі
13.04.2018
3024
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру