Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ислам және отбасы» жылы аясында Ақтөбеде көшпелі семинар өтуде

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 13.04.2018 3161 0 пікір
«Ислам және отбасы» жылы аясында Ақтөбеде көшпелі семинар өтуде

Кеше аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Дәстүр. Дін. Руханият» тақырыбында облыстық форум өтті. Шара барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы және өкіл имам Төлеби Оспан дәстүр мен діннің сабақтастығы, ислам дінінің қоғамдағы рөлі жөнінде баяндамалар оқыды. Форумға 120-дан аса адам, соның ішінде барлық аудан имамдары қатысты.

Форумның жалғасында Темір аудандық мешітінде тәжірибе алмасу сағаты өтті. Ауданның бас имамы Мадияр Пірімқұлов әріптестерімен мешіт қызметіндегі өз тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, жамағатқа уағыз-насихат жүргізу, дәріс беру, ауыл мешіттерінің қызметін бақылау, шаруашылық шараларын ұйымдастыру. Сонымен қатар, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, өткен жылы мешіт аумағында атқарылған іс-шаралар, күрделі жөндеу жұмыстарын айтып өтті.

Түстен кейін діни басқарма бекіткен «Ислам және отбасы» жылы аясында арнайы көшпелі семинар ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Шоқанов имамдарға отбасы құндылықтары жөнінде арнайы дәріс отқып, ер мен әйелдің міндеті, исламда баяндалған жанұя жарасымдылығын сақтаудың сыры туралы айтты. Семинардың басты тақырыбы аясында өкіл имам Төлеби Оспан дін мен дәстүрдің үндестігі, бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дін жолы – ұлттық руханияттың басты тетігі, рухани жаңғыруымыздың кілті екендігін айтты. Көшпелі семинар ауданның барлық елдімекендерінде өткізілетін болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру