Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛЖАРДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ

Облыстық «Қызылжар» мешітінің баспасөз қызметі 12.04.2018 3047 0 пікір
ҚЫЗЫЛЖАРДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 11 сәуірі күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Құран Кәрімді» жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VII республикалық байқауға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Игі шарада Қауамиддин әл-Итқани әл-Фараби әт Түркістани атындағы қарилар орталығының директоры Садуақас Сағындықұлы  Құран оқып, кейін ақ жаулықты апаларымыз шашуларын шашты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Кенжетай Байкемелұлы Құран жарысына келген қонақтарға және аталмыш шараға демеушілік көрсеткендерге  алғысын білдіріп, Құран жарысына қатысушы қариларға сәттілік тіледі.

Салт-дәстүріміз бойынша қарилардың Құран оқу тәртібін анықтау үшін реттік саны жазылған асықпен жеребе тартылып, әрбір қари қапшықтан өзінің реттік санын алып, Құран оқу кезегін анықтады.

VII Республикалық Құран жарысына облыс бойынша 13 қари қатысты.

Төрт номинация бойынша жеңімпаздарға сыйақылар мен VII Республикалық Құран жарысына жолдама табыс етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру